Имам карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданы Бекет Ата мешітінің бас имамы Мәди Ахметов карантиндік шектеу кезіндегі Құрбан айт мерекесі туралы айтты. Дін қызметкері мерекенің мұсылмандар үшін маңызы және індет кезінде құрбандық шалу рәсімін өткізу ережелері туралы хабарлады.

Оның айтуынша, құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізуде халықаралық тәжірибе мен шариғат заңдары ескерілуі керек. 

Шариғат ережелеріне сәйкес, мұсылман басқа мұсылманға оның атынан кез-келген нәрсені, соның ішінде құрбандық шалуға құқылы. Бірде Пайғамбар Хәкім ибн Хизамға өз атынан жануарды құрбандыққа шалуды бұйырады. Осы жағдайдан құрбанды өкілетті тұлға арқылы алуға болатыны анық, – деді Бекет Ата мешітінің бас имамы. 

Айта кетейік, биыл карантинге байланысты құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz. сайтының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде өткізуге болады. Оның көмегімен діндарлар мұқтаждардың пайдасына малды қашықтан садақа ете алады.  Өтінімдер 22 шілде сағат 14.00-ге дейін қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы