Илья Теренченко: Ендігі мәселе - Арыс қаласын қалпына келтіру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Кеше ғана алматылық "Ниет" қоры 2928 балаға қажетті киім-кешектер жіберген. Ол Ордабасы ауданы мен Шымкент қаласындағы мектептерге жайғасқан балаларға жіберілді.
"Жарылыстан зардап шеккен адамдармен партияның жанындағы Жас Отан жастар қанаты да жұмыс істеп жатыр. Олар бірінші күннен бастап еріктілермен жұмыс істеп, ата-ана мен балалардың қауышуына көмектесті. Олар аймақтардан келген гуманитарлық көмектерді адамдарға жеткізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы орайда көмектесіп жатқан кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, жастарға Нұр Отан партиясы атынан алғыс айтқым келеді", - дейді Нұр Отан партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова.
Сондай-ай, Нұр Отан партиясының хатшысы Илья Теренченко жарылыс болған күні зардап шеккендерге көмек ретінде азық-түлікке басымдық берілсе, қазіргі уақытта қираған үйлерде қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарына да басымдық беріліп жатқанын айтты.
"Кеше Алматыдан 100 тонна құрылыс материалы жіберілді. Көлік құралдарын партиялықтар мен кәсіпкерлер ұсынуда. Қазіргі уақытта 600 миллион теңге ақша жиналды. Бірыңғай есепшотты бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы жариялаған болатынбыз", - дейді Илья Теренченко.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ахуалды өзінің жеке бақылауына алды. Жарылыстан кейінгі өмірді қалпына келтіру Үкіметтің, әкімдіктердің, Нұр Отан партиясы мен жалпы қоғамның ортақ мақсатына айналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан азаматтығын алу тәртібі жеңілдетілмек
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы