Илон Масктың анасы қазақ қызының тұсауын кесті
Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева Мэй Масктың тұсау кесіп жатқан видеосын жариялады.
Әйгілі Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүріне де куә болды. Ол кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды.
Айта кетейік, Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін «BeWoman» әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді.
Ол сұхбат форматындағы 45-минуттық сессияда денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу жайлы баяндайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы