Илон Маскты басып озған: Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адам атанды
Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисон америкалық кәсіпкер Илон Маскты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанды. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, Oracle корпорациясының акциялары 40%-ға жуық қымбаттап, Эллисонның дәулеті бір тәулікте рекордтық 101 млрд долларға артқан. Нәтижесінде оның байлығы 393 млрд долларға жетіп, Bloomberg Billionaires Index рейтингінде бірінші орынға шықты.
Ал Tesla және SpaceX басшысы Илон Масктың дәулеті қазір 385 млрд доллар деп бағалануда.
Айта кетейік, биылғы сәуірде Forbes Маскты әлемдегі ең бай адам деп жариялап, оның байлығын 342 млрд доллар көлемінде көрсеткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нетаньяху Катарды "террористерді паналатты" деп айыптады
Өзгелердің жаңалығы