Илон Масктің SpaceX компаниясы ғарышқа турист тасымалдауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың ғарыш агенттігі (NASA) 2020 жылдан бастап халықаралық ғарыш станциясына жеке ғарыш кемелерін ұшыруды жоспарлап отыр.
Азаттықтың хабарлауына қарағанда, бір жолаушы станцияда өткізген бір күні үшін 35 мың АҚШ долларын төлейді. Бұған ғарыш станциясына жетіп, Жерге қайту құны кірмейді. Жолаушы турагенттіктермен бұл жағын жеке келісуі қажет. Илон Масктің SpaceX компаниясы тасымалдаушы компаниялардың бірі болады деп айтылады.
Әуел баста АҚШ-тың ғарыш саласының басшылары ғарыш зерттеулерін коммерциализациялау идеясына қарсы болған. NASA халықаралық ғарыш станциясына жыл сайын 3-4 миллиард доллар аралығында қаржы жұмсайды. Бұған дейін коммерциялық жобалардан түскен қаржының мардымсыз екені, шығынды толтырмайтыны айтылған.