Илон Маск Twitter-ді сатып алмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық кәсіпкер, әлемнің ең бай адамдарының бірі Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алу туралы ойынан бас тартты.
Оған компания әкімшілігінің фейк аккаунттардың нақты саны туралы деректерді ұсына алмауы себеп болған деп жазады Reuters.
Масктың адвокаттары Twitter спам мен фейк аккаунттар туралы деректерді ұсына алмағанын алға тартты. Дегенмен, бұл ақпарат платформаның бизнес-әлеуетін бағалау көзқарасы тұрғысынан негізгі деректердің бірі екені белгілі.
Компания оны сатып алу бойынша көптеген келісімдерді бұзды деп отыр адвокаттар. Бизнесменнің өкілдері Twitter-ді Маск келісімшарт жасау турады шешім қабылдаған негізде жалған әрі нақты емес ақпараттарды ұсынды деп айыптады. Сондай-ақ платформада тіркелген жалған аккаунттардың санын компания әдейі азайтып көрсеткен.
Келісімшарт акциялары бұзылған соң Twitter алдын ала саудада жеті пайызға арзандап кетті.
Ал Twitter-дің директорлар кеңесінің басшысы Брет Тейлор компания Маскты сотқа беретіндігін айтты.