5 Қараша 2022 2022, 14:21
Илон Маск Twitter-дегі өзгерістерге қатысты ойын айтты
Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компанияның болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды BAQ.KZ Massaget-ке сілтеме жасап.
Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компанияның болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды BAQ.KZ Massaget-ке сілтеме жасап.
Менің ойымша, компанияның келешегі зор. Twitter әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі болуы мүмкін, - деді Маск Нью-Йорктегі инвесторлар конференциясында.
Бұған дейін Twitter-де жаппай жұмысшыларды қысқарту басталғаны хабарланған еді. Қазір компания қызметкерлерінің қанша бөлігі қызметінен босатылғаны белгісіз. Жалпы штатта 7,5 мыңға жуық қызметкер бар.