Илон Маск Трамптың сайлануына қалай көмектесті?

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маскқа АҚШ президенттігіне Дональд Трамптың сайлануы бірқатар ірі пайда әкелген, деп BAQ.KZ тілшісі Christian Science Monitor сайтына сілтеме жасап.

Илон Маск 2024 жылғы АҚШ президенті сайлауында Дональд Трампқа түрлі жолмен қолдау көрсетті. Біріншіден, ол Трамптың сайлауалды компаниясына және республикалық бағыттағы бастамаларға шамамен 43,6 миллион доллар қаржылай көмек көрсетті. Бұл қаражаттың бір бөлігі Трамп қолдаған ұсыныстарды қолдайтын сайлаушыларға арналған күнделікті $1 миллион долларлық сыйақыға жұмсалды. Бұл әрекет дау туғызса да, маңызды аймақтарда Трамптың танымалдығын арттыруға септігін тигізді.

Сонымен қатар, Маск өз платформасы X-ті (бұрынғы Twitter) Трамптың пайдасына тиімді қолданды. Маск осы платформада Трамп пен басқа да бұған дейін бұғатталған оңшыл пікірдегі тұлғалардың аккаунттарын қалпына келтірді. X платформасында оңшыл бағыттағы идеялардың таралуына кеңістік жасап, Трамптың жақтаушылары арасында кеңінен қолдау тапты. Бұл әсіресе жастар аудиториясының Трамп пен Масктың анти-статустық бейнесіне қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ, Масктың бизнесі Трамптың саясатынан пайда көруі мүмкін. SpaceX сияқты оның компаниялары Пентагон және NASA-мен байланыс орнатқан негізгі мердігерлердің бірі. Бұл Масктың АҚШ үкіметіне деген ықпалын одан әрі арттырып, оның кәсіптеріне Трамп әкімшілігінің қолайлы жағдай жасауына жол ашуы мүмкін деген болжам бар.

Сайлаудың аяғына дейін 75 миллион доллар бөлген 

Әйгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск шілде айынан бері Дональд Трампты қолдайтынын білдіріп, саяси комитетке кемінде 75 миллион доллар бөлген. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Федералды сайлау комиссиясы жария етті.

Hill басылымының мәліметінше, есепті America PAC комитеті алғашқы рет жариялап отыр. Басылымның хабарлауынша, келесі есеп 24 қазанда ұсынылуға тиіс және ол 1-16 қазан аралығындағы кезеңді қамтиды.

Илон Маск жылдар өте келе саяси белсенділігімен ерекшеленіп, X әлеуметтік желісінде АҚШ саясатына қатысты мәселелерді жиі талқылап келеді. Бұған дейін ол демократтарды да, республикашылдарды да сынға алып, ешбір партияны қолдамайтынын мәлімдеген еді. Уақыт өте оның көзқарасы оңшыл бағытқа өзгеріп, биыл республикашыл партияға ашық түрде қолдау білдірді.

Илон Маск жаңа қызметке барды

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Үкіметтің тиімділік департаментін құратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мекемені Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск пен Республикалық партия атынан президенттікке үміткер болған Вивек Рамасвами басқарады.

Трамптың айтуынша, департамент бюрократия мен артық шығындарды азайтуға, федералды агенттіктерді оңтайландыруға және мемлекеттік құрылымдарды реформалауға атсалысады. Бұл ретте департамент Үкімет аясынан тыс, бірақ Ақ үй және АҚШ бюджет басқармасымен келісе отырып жұмыс істейді.

Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, департамент өз жұмысын 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін аяқтайды. Яғни бұл Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына орай елге жасалған "сыйлық" болмақ. Жаңа ведомство бұрын мемлекеттік басқару деңгейінде қолданылмаған "кәсіпкерлік тәсілді" енгізетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы