Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн кездесуге дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "SpaceX" компаниясының негізін қалаушы және америкалық миллиардер Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн кездесуге келісті, деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында "Еуропалық жоғары экономика колледжінің" құрылтайшысы Талғат Төремұратов.

Илон Масктің (Elon Reeve Musk) менеджерімен болған ұзақ хат алмасудан кейін "SpaceX" компаниясының негізін қалаушы, Tesla компаниясының бас директоры және идеялық шабыттандырушысы мен қазақстандық колледж студенттердің ZOOM платформасында кездесуі жөніндегі келісімге келдік, - деп жазды Төремұратов. 

Оның айтуынша, кездесу осы жылдың 1 мамырында өтеді. Ол алдағы кездесу жөнінде Білім және ғылым министрлігін хабардар етпек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы