Бүгiн 2026, 03:40
Фото: Justin Sullivan / Getty Images
Илон Маск Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адам атанды
Масктың байлығы соңғы жылдардағы ірі бірігу мен мәмілелер арқылы рекордтық деңгейге жеткені атап өтілді.
Американдық кәсіпкер Илон Маск екінші жыл қатарынан Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдар рейтингісінде бірінші орынға шықты. Басылым бағалауы бойынша оның байлығы 839 млрд доллар-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екінші орында Google корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж (2,257 млрд доллар) болса, үшінші орынды оның әріптесі Сергей Брин (2,237 млрд доллар) иеленді. Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос төртінші орынға түсіп, байлығы 224 млрд доллар деп бағаланды.
Forbes тізіміне қатысатын миллиардерлер саны да артқан: 2026 жылы олардың саны 3 428 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 400-ге көбейген. Жиынтық байлық 220,1 трлн долларға бағаланды, ал әрбір миллиардердің орташа активі 5,3 млрд-тен 5,8 млрд долларға дейін өскен.
Масктың байлығы соңғы жылдардағы ірі бірігу мен мәмілелер арқылы рекордтық деңгейге жеткені атап өтілді.