Илон Маск Ай мен Марста қалалар салу жоспарын жариялады
SpaceX компаниясы алдағы онжылдықтарда Ай мен Марста өзін-өзі қамтамасыз ететін қалалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісінде мәлімдеді,деп хабарлайды BAQ.KZ.
SpaceX компаниясы алдағы онжылдықтарда Ай мен Марста өзін-өзі қамтамасыз ететін қалалар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мамандар Айдағы жобаны іске асыруға басымдық беріп отыр. Маск бұл бағытта алғашқы нәтижелерге 10 жылдан аз уақыт ішінде қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, SpaceX Марста қала салу жұмыстарын шамамен 5-7 жылдан кейін бастауды көздейді. Масктың түсіндіруінше, Марсқа ұшу тек әр 26 ай сайын болатын қолайлы астрономиялық кезеңдерде мүмкін, ал сапардың өзі шамамен алты айға созылады.
Ал Айға ұшуларды әр 10 күн сайын жүзеге асыруға болады, ұшу уақыты – екі күн. Осы себепті Айдағы қаланың құрылысы Марспен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жүреді. Масктың бағалауынша, Марста толыққанды қала қалыптастыру үшін 20 жылдан астам уақыт қажет.
Бұған дейін кәсіпкер адамзаттың Айға жаппай оралатын уақыты келгенін айтып, ғарышты игеру қарқынын жеделдету қажеттігін атап өткен еді.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026