19 Қазан 2026, 16:12 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX компаниясының акциясын сыйламақ

Илон Маск келесі жылы АҚШ-тағы әр балаға өзі иелік ететін SpaceX компаниясының акциясын сыйға тартуға уәде берді.

Америкалық ісі кәсіпкер Илон Маск келесі жылы АҚШ-тағы әр балаға өзі иелік ететін SpaceX компаниясының бір акциясын сыйға тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылы мен Америкадағы әрбір балаға SpaceX компаниясындағы өз акцияларымның бірін сыйға тартамын. Бұл – үлкен бастаманың алғашқысы ғана, – деп жазды кәсіпкер.

Алайда Маск акцияларды тарату тетігі, бағдарламаға қатысу талаптары мен оның нақты мерзімдері туралы әзірге толық ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, SpaceX – ғарыштық зымырандар мен ғарыш аппараттарын әзірлейтін, сондай-ақ Starlink спутниктік интернет қызметін ұсынатын компания. Илон Маск оның негізін 2002 жылы қалаған.