Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондар жойылады деп болжады

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер Илон Масктың айтуынша, 2030 жылға қарай үйреншікті смартфондар толық жойылып, олардың орнын жасанды интеллектпен жабдықталған құрылғылар басуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Илон Маск тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында болашақ құрылғылар қазіргі смартфондардың функцияларын тек жартылай ғана атқаратынын айтты.

Бүгін біз телефон деп атайтын нәрсе шын мәнінде байланыс үшін радиомодульдермен жабдықталған, бейнеталдауды жүзеге асыратын жасанды интеллект торабынa айналады. Негізінен, сервердегі жасанды интеллект сіздің құрылғыңыздағы ЖИ-мен тікелей әрекеттесетін болады, - деп түсіндірді Маск.

Оның айтуынша, қазіргі операциялық жүйелер мен қосымшалар қажетсіз болып қалады. Олардың орнын экран мен дыбысы бар, жасанды интеллектпен толық біріктірілген құрылғылар басады. Маск сондай-ақ ЖИ пайдаланушылардың қалауы мен қажеттіліктерін алдын ала болжай алатынын, сол арқылы технологиялармен барынша жеке өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететінін болжады.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда америкалық миллиардер Илон Маск өзінің xAI компаниясынан жаңа Grok жасанды интеллект жүйесінің жаңа нұсқасын таныстырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы