Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогінің күміс медалін иеленді

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша, маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.

Одан бөлек, блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогінде топ жарып, жеңіске жетті.

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадсында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы