«Іледе» тактикалық оқу-жаттығу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрестің жаңа әдістерін пысықтады.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің басшылығымен оқу-жаттығуға парашюттік-десанттық батальон, ұшқышсыз ұшу аппараттарының есебі, шабуылдау және артиллериялық бөлімшелер тартылды. Сонымен қатар барлығы 300-ден астам әскери қызметші және 100-ге жуық әскери техника қатысты.

Маневр жасаудың негізгі мақсаты-қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін іс жүзінде қолдану, әскерлердің далалық дағдысын жетілдіру және тактикалық буынның әскери басқару органдарының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Роталық тактикалық топтың қолбасшылығы заңсыз қарулы құрамалармен күресте ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың әртүрлі тәсілдерін, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарының десанттық-шабуылдау және артиллериялық бөлімшелермен өзара іс-қимылын зерттеді.


Оқу-жаттығу Десанттық-шабуылдау әскерлерінің далалық дағдысы деңгейін арттырудағы кезекті қадам. Бұл Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдау бөлімшелерін тиімді қолдану мақсатында жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді, - деп атап өтті генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы