Іле-Балқаш резерватындағы өрттің аумағы азайды

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі 2023 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-дағы жағдай бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында орын алған өрт аумағын (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) 30 га азайтуға қол жеткізілді.

Жану жетуі қиын батпақты жерлерде жекелеген аралшаларда орын алуда. Жылдар бойы өскен тереңдігі 1,5 метр қамыс қалдығы өртті сөндіруде қиындық туғызды. Өрт ошақтарына әуеден су ағызу құрылғысымен су төккен кейін де бықсуда. Осыған байланысты мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, солтүстік жағынан жерүсті тәсілімен, аралшаларға «Н-125 Қазавиаорманкүзеті» авиатехникасының көмегімен десанттарды лақтыру жолымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, өрттің Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және «Іле-Балқаш» МЖӘ» РММ, орман шаруашылығынан 80 адам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27 С, солтүстік-шығыс жел 3 м / с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы