Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіруге десант жұмылдырылады

Іле-Балқаш резерватының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруді бірнеше жыл бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы қиындатады, онда авиацияны қолдана отырып өртті сөндіруге қарамастан, жану жалғасуда. Өрт автотехникасының өтуі мүмкін емес және өрт орнына жету қиын болғандықтан, қолда бар құралдарды, атап айтқанда хлопушкаларды, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану арқылы өрт жер үсті тәсілімен сөндірілуде. Сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы бағытта сөндіру әдісі қолданылады. Сондай-ақ Қазавиақұтқару тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су төгуді жалғастыруда. Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүгін 29 шілде "Қазавиаорманқорғау тікұшағымен резерваттағы жағдайды айналып ұшып бағалау және жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру үшін десант жеткізілетін болады. Өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайды.

Еске салсақ, 25 маусымда Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатқаны белгілі болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы