Іле Алатауында жарақат алған қытайлық турист құтқарылды
Іле Алатауының Шүкір шыңында (биіктігі 3550 м) жарақат алған Қытай азаматына Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушыларға кешкі уақытта екі шетелдік турист туралы хабарлама түскен. Олардың бірі аяғын жарақаттап, өздігінен төмен түсе алмаған. Геолокация нақты анықталып, байланыс үзілмеген.
Құтқару операциясына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласының Құтқару қызметі мен Апаттық медицина орталығы жұмылдырылды. Түнгі уақытта құтқарушылар күрделі тау жолдарын еңсеріп, туристерге жетті.
Зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Операция сәтті аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы