Іле-Алатауында аю, қасқыр, қар барысы фотоқақпанға түсіп қалды
Алматы, BAQ.KZ. Іле-Алатауы ұлттық паркіндегі жасырын фотокамераға Қызыл кітапқа енген жабайы жануарлар мен құстардың 10 түрі түсіп қалған. Бұл туралы Ұлттық парктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды зерттеу мақсатында жабайы жануарлардың мекендейтін жерлеріне фотокамералар орнатылған.
Нәтижесінде бір фотоқақпанға жабайы жануарлар мен құстардың 10 түрі тіркелді, олардың 4-і ҚР Қызыл кітабына енгізілген, олар қар барсы, тяньшан қоңыр аюы, тас сусары, және құмай құсы. Осы жануарлардан басқа фотоқақпанға қасқыр, түлкі, қабан, борсық, қоян, құстардан гималай ұлары тіркелді. Бұл факт ұлттық парк аумағында жануарларды қорғау және өсімін молайту жұмыстары дұрыс бағытта жүргізіліп, жатқандығын дәлелдейді,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретіні айтылған.