15 Ақпан 2026, 21:00 Фото: pixabay.com

"Іле Алатауы" ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін үнді кірпілері түсіп қалды

Оларды қорғау ерекше маңызды.

"Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ Қызыл кітапқа енген үнді кірпісінің үш дарасын тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сирек жануарлар күндізгі уақытта түсірілген. Мамандардың айтуынша, бұл парк аумағында жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.

Үнді кірпісі – Қазақстан фаунасындағы кірпілер тұқымдасының жалғыз өкілі. Ол ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және ҚР Қызыл кітабының IV санатына жатады. Сондықтан бұл жануарды сақтау аса маңызды.

Кірпілер негізінен теңіз деңгейінен 1200–1700 метр биіктіктегі жапырақты ормандарда тіршілік етеді. Қыс мезгілінде қар аз түсетін, өсімдігі қалың оңтүстік беткейлерді таңдайды. Олар ін қазып немесе тасты шатқалдардағы табиғи қуыстарды паналайды, көбіне түнде белсенді болады және өсімдіктермен, тамырлармен, түйнектермен, жемістер мен тұқымдармен қоректенеді. Көктемде көбейеді, қысқы ұйқыға кетпейді, бірақ суық кезеңде белсенділігі төмендейді.

Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында үнді кірпісінің 32 дарасы бар.