Іле Алатауы тауларында сел жүру қаупі жарияланды
Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК-ның 17 тамыздағы дауылды ескертуіне сәйкес жауын-шашынға байланысты Алматы қаласының Кіші және Үлкен өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі бар.
«Қазсел» қорғаныс бөлімшелері сел қаупі бар аймақтарда бақылаудың күшейтілген жиілігіне көшірілді, әуеден және жерден түсіру жұмыстары жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, естеріңізге саламыз! Сел қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз, - делінген ресми хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің баспасөз қызметі мен KYRAN FILMS байқау жариялады
Өзгелердің жаңалығы