Іле-Алатау ұлттық паркіне биыл 300 мыңнан астам турист келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркінде заңсыз аң аулайтындар азаймай тұр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркінде заңсыз аң аулайтындар азаймай тұр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
Мемлекет қорғауындағы аумақта жыл басынан бері 3 қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп дейді мамандар.
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде 350-ден астам инспектор жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын міндеті – табиғатты қорғап, жануарларды броконьерлерден қорғау. Соңғы 2 жылда 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде заңсыз шөп шабу, мал жаю, дәрілік өсімдіктерді жинау секілді заң бұзушылықтар бар. Олар 370-бап бойынша жазаға тартылады. Өткен жылы елік және жабайы шошқаны ату бойынша іс тіркелді. Қазір жарты жылдықтың өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді. Оның екеуі елікті және жабайы шошқаны тұзақ арқылы ұстағандар ұсталды, – деді Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог- ағартушысы Самал Әбілова.
Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Биыл оны көруге 344 мыңнан астам турист келіпті.
Ұлттық парк аумағында туризмді дамыту мақсатында туристік соқпақтарды қосымша абаттандыру жұмыстары жоспарланып жатыр. Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Ол соқпақтардың негізгісі Медеу филиалы – Алматы орман шаруашылығында орналасқан соқпақтар. Аюлы шатқалында орналасқан – Мыңкөз соқпағы. Осы жерлерге туристер көп келіп, қызығушылық танытады. Туристердің де әртүрлісі болады. Отырған жерін жинамай, қоқысты шашып, кез келген жерге тастайды. Енді біздің инспектор қызметкерлердің де атқаратын жұмысы – қоршаған ортаны қорғау және қоқыстан тазарту. Жауапсыз демалушылардың артын тазалау. 2021 жылды қоса есептегенде 344 тоннаға жуық қоқыс жиналды, – деді Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог- ағартушысы Самал Әбілова.
- Қорқытып-үркіту мен қатыгез «система»: Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды 13:52
- Қазақстанда несие алу қиындады: Енді халықтың қарызы азая ма? 13:33
- 112-ден хабарламалар неге кешігіп келеді? ТЖМ мәселені қалай шешетінін түсіндірді 13:09
- Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөйлеген сөзінің толық нұсқасы 13:05
- Қазақстандықтардың жарық пен жылуға төлейтін ақысы тағы қымбаттай ма? Министр алдағы жоспарын айтты 12:57
- Қазақстан Ресейге бензин сатудан бас тартты ма? – Энергетика министрі қауесетке жауап берді 12:55
- Ақтауда су басқан көшеде көлігінің үстіне шығып, балық аулаған жігіт үш бап бойынша жазаланды 12:54