Илья Ильин COVID-19-ға қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин елордадағы «Keruen» СОО-да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Спортшы вакцинациядан бұрын міндетті медициналық процедуралардың бәрінен өтті.

Вакцинацияланғандардың қатарын спортшылар мен мәдениет қайраткерлері толықтырып отырғаны бізді қуантады. Әркім өз денсаулығына сақ болуы керек, - деп атап өтті егу пунктінің қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда сәуір айының ортасынан бастап жаппай вакцинациялау басталды. Халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша медициналық ұйымдарда егу пункттерінің саны үш есеге ұлғайды.

Сонымен қатар бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Сарыарка», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» сауда орталықтарында, «Биг Шанхай» сауда кешенінде, Орталық базарда, «Әлем» және «Астаналық» сауда орталықтарында вакцинация пункттері ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялап жатыр.

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы