Ильин Тоқаевқа 2021 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізден Қытай нарығына сүт өнімдері жіберілуі мүмкін
Өзгелердің жаңалығы