Елордада IKOMEK109 қызметіне WhatsApp арқылы жүгінуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IKOMEK 109 бірыңғай қалалық байланыс орталығында қолданыстағы хат арналарына қосымша WhatsApp чат-бот қосылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Енді өтініш беру бұрыңғыдан да оңайырақ болмақ.
"Ikomek109 Чат-бот салымдармен өтінішті қалай беруге, елордада оқиғалар туралы хабарлама алуға, бұрын берілген өтініштерді, тіркеу нөмірі бойынша өтінішті табуға болатынын көрсетеді", - делінген хабарламада.
WhatsApp чат-бот арқылы сұқбаттың негізгі артықшылықтары:
- қосымшаларды әзірлемей, әлеуметтік желілер арқылы халықтың жергілікті атқарушы органмен байланысы үшін ыңғайлы құрал жасау;
- iKOMEK109-ге өтінімді жөнелтуді неғұрлым ыңғайлы сервиспен қамтамасыз ету;
- оқиғалар туралы қала тұрғындарын хабардар ету тәсілдерін кеңейту;
- ұялы құрылғыларға арнайы қосымшаларды орнату қажеттілігінің болмауы.
Елорда тұрғындары өз өтініштерін 87471090109 нөмірі бойынша бере алады.