iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бастап iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындарын негізінен денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, абаттандыру және т.б. мәселелер алаңдатады.

Сонымен қатар, қалалық орталықтың бейнебақылау инспекторлары тәулік бойы iKOMEK109 ахуалдық орталығы арқылы 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасымен мониторинг жүргізеді. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды. Бейнебақылау жүйесі арқылы инспекторлар қардың жиналуы, су басу, қоқыстың жиналуы фактілерін тіркейді, сол сияқты полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге құқықтық тәртіпті қадағалайды.

«Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қардың уақытылы шығарылуын бақылайды және мониторингілейді. Осының арқасында коммуналдық қызметтер қала аумағы мен елді мекендерде қарды уақытылы жинау және шығару жұмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Бейнебақылау камералары арқылы жолдар мен аулаларды су басқан жағдайда жедел тәртіппен арнайы техника жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына мына жолдармен хабарласуға болады:

- 109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және ұялы телефондар үшін тегін)
- қала әкімдігінің ресми сайты арқылы;
- Telegram чат-боты арқылы;
- iKOMEK109 (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы;
- Smart Astana (PlayMarket/AppStore) мобильді қосымшасы;
- Facebook – @ikomek109, Instagram – @Ikomek109
- электрондық пошта 109@ikomekastana.kz.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы