IJF індет кезінде жарысқа қатысушыларға қойылатын басты талаптарды жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталатын талаптар тізімін жария етті, деп хабарлайды Оlympic.kz сайты.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да ережені бұзбауы тиіс. Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысушыларға тестілеуден өту міндеттеледі.

IJF мәліметінше, турнирге қатысушылардың барлығы соңғы 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәлелдейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін медициналық анықтама әкелуі тиіс.

Сондай-ақ,  елге және тұрғын үйге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады.

Маска кию татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы