ІІМ: Жеті күнге 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

Өткен аптада ел аумағында 2700-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 2705 қылмыс жасалды, оның 1656 тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.

Айтуынша, тәртіп сақшылары «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 27 тонау және 373 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы