ІІМ: Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Өткен аптада еліміздің аумағында 2600-ден астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2613 қылмыс жасалды, оның 1602-сі тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 27 тонау және 314 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы