ІІМ: Жеті күн ішінде елде 3000 қылмыс жасалған
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір апта ішінде 3000 қылмыс жасалды, оның 1769 тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті ел аумағындағы апта ішіндегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомство өкілі.
Оның айтуынша, 9 кісі өлтіру қылмысы анықталған.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 46 тонау және 460 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар ол Қостанай мен Көкшетаудағы колледжде ерекше кездесу өткенін тілге тиек етті.
Жаңа форматта өткен кездесуге 300-ге жуық студент қатысты. Полиция қызметкерлері білім алушыларға пайдалы ақпаратты ерекше жеткізді. Бұрынғы нашақорлар мен есірткі таратушылар ақмолалық полицейлер әзірлеген фильмнің басты кейіпкерлеріне айналды. Есірткінің организмге зияны туралы ашық айтылып жүрсе де, оны өз бастамасымен зерттейтін жастар аз. Полиция қызметкерлері қадамдарын шалыс қадам жасап, бүгінде жазасын өтеудегі емделіп жатқан тағдырлар туралы фильмді жарыққа шығарды, - деді ведомство өкілі.