7 Қазан 2026, 22:48 Фото: yur.kz

ІІМ жеке сәйкестендіру нөмірін өзгертуге қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда ЖСН бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді.

Әлеуметтік желіде Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін өзгерту мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат тарауына байланысты Ішкі істер министрлігі арнайы түсініктеме берді. 

Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы. Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді, – деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Айта кетейік, бұл жаңсақ ақпарат Құрылтайда өткен брифингте ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың жауабын жаңсақ түсінуден кейін тараған болатын. 

Жандос Сүйінбай өз жауабында кибершабуыл салдарынан жеке мәліметтері жария болған азаматтар деректерін өзгерту мәселесі бойынша уәкілетті органға жүгіне алатынын айтқан болатын. 

Алайда мұндай деректер қатарына жеке сәйкестендіру нөмірі жатпайды.