17 Маусым 2024, 16:01
Фото: - архив
ІІМ жаңа үлгідегі жеке куәліктерді шығаруды бастады
ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ Қазақстан Республикасы азаматының жаңа үлгідегі жеке куәліктерін шығаруды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15 маусымнан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді.
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады. Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек алдыңғының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55