ІІМ ТЖК-да «Туған Жер» атты өлең оқу байқауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құрметіне орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ғимаратында Комитет қызметкерлерінің балалары арасында «Туған жер» атты үздік өлең оқу байқауы өтті.
Сайысқа 6-10 жас аралығындағы балалар қатысты, атап айтқанда: Аманжол Дамели Асқарқызы, Қабжан Ерболат Қанатұлы, Нұғманбек Нұрболат Қанатұлы, Ибрагим Назым Русланқызы, Ибрагим Алуа Русланқызы, Асланқызы Айлана, Ханкерей Саятұлы.
Сайысқа қатысушылар өздерінің мәнерлеп оқу өнерлерін көрсетті. Оларға әділ баға беру үшін қазылар алқасы құрылды.
"Байқаудың басты мақсаты - балалардың өлең оқу дағдысын қалыптастыру, олардың есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту болып табылады, сондай-ақ, туған жерге деген сүйіспеншілігін балалық шақтан бастап тәрбиелеу" - дейді ұйымдастырушылар.
Сайысқа қатысушылар өздерінің мәнерлеп оқу өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасының бағаларын қорыта келе байқауда Аманжол Дамели Асқарқызы 1-орынды, Ибрагим Алуа Русланқызы 2-орынды және Ханкерей Саятұлы 3-орынды иеленді.
Сайысқа қатысушылардың барлығы Комитет атынан дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.