ІІМ төбелес ашқан Бейбіт Шүменов туралы пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев кеше елордадағы сауда орталықтарының бірінде төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Иә, оның (боксшы Бейбіт Шүменов – ред.) екенін растаймыз. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бұзақылық дерегі бойынша қылмысты іс қозғалды. Қылмыс ауыр емес. Сараптама көрсетеді, оның нәтижесін күтейік, - деп атап өтті вице-министр Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айтуынша, спортшы ұзақ уақыт бокспен шұғылданбаған.

Ол ұзақ уақыт бокспен шұғылданбады. Сараптама нәтижесін күтейік. Ал оның әрекетінен қылмыс ізін көрмеген учаскелік полицейге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ол қатаң жазаланады. Жақында министр бұл мәселені көтерді, ол жазаланады, - деді Қайрат Сүнтаев.

Сондай-ақ ол төбелесте видеоға түсіп қалған кішкентай баланың жағдайы туралы айтты.

Жоқ, бала зардап шекпеген. Бірақ жәбірленуші қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Шүменов сау болған (ішімдік ішпеген – ред.), - деді ведомство басшысының орынбасары.

Еске салсақ, кеше Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес болды. Белгілі болғандай, бала көтерген ер адамды соққыға жыққан белгілі спортшы Бейбіт Шүменов екені анықталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Egovpress Телеграм-каналы
Өзгелердің жаңалығы