ІІМ тез байығысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев алаяқтардың жаңа схемасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инвестиция арқылы тез баю туралы ұсыныстар адамдарды қызықтырып жатады. Алаяқтар азаматтарға "жоқ инвестициялық" жобаларға ақша салдырып, қаражатты жымқырады. Жыл басынан бері 700-ден астам қазақстандық осындай схеманың құрбаны болды. Өздерінің соңғы ақшасынан айырылып, тіпті, осы үшін несие рәсімдегендер де бар, - деді ол ІІМ-де өткен брифингте.

Алекешев банктер мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің атынан жасалатын телефон қоңыраулардан абай болу керегін айтады.

Алаяқтар жеке деректер мен ақшаңызды алу үшін банктердің, құқық қорғау органдарының немесе басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атын жамылып, қоңырау шалады. Байланыс операторларымен бірлесіп, мұндай қоңырауларға тосқауыл қоюдамыз. Жалпы 49 млн-нан астам қоңырау бұғатталды, - деді Шыңғыс Алекешев.

Бұған дейін ІІМ ресми өкілі қазақстандықтардың интернет-алаяқтыққа жиі алданатынын айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы