ІІМ шетелде жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. 

Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. 

Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – деді ведомствода. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы