21 Қараша 2023 2023, 11:35
Фото: - архив
ІІМ: Қылмыскерлер бір аптада 8 кісі өлтірген
ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде елдегі криминогендік жағдай жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде елдегі криминогендік жағдай жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бір апта ішінде елде 2 970 қылмыс жасалды. Оның 1 823-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 33 тонау және 343 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.
Өткен аптада 2 830 қылмыс жасалғанын еске сала кетейік.