ІІМ: Қылмыс жасағандардың 80%-ы - жұмыссыз, 33%-ы - бұрын сотталған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елордалық мектепте қоғаммен серіктестікте Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Министрдің тапсырмасы бойынша ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов елордалық №22 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларымен және оқытушылар құрамымен кездесті. Тұжырымдаманың мәні Ішкі істер органдарының өмірдің барлық салаларын қамти отырып, қауіпсіз және құқықтық қоғам құру үшін азаматтармен өзара іс-қимылдың «сервистік» моделіне кезең-кезеңімен көшуі болып саналады, - деп атап өтті  ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Сонымен қатар ол қылмыскерлердің 80 пайыздан астамы – жұмыссыз азаматтар деп отыр. 

Қазіргі ереже көрсеткендей, қылмыскерлердің 80 пайызы жұмыссыз, 33 пайызы бұрын сотталған, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың 50 пайызы алкогольдік және есірткілік мас күйінде жасалған, әрбір екінші кәмелетке толмаған құқық бұзушы оқымаған және жұмыс істемеген, мегаполистердегі қылмыстардың 51 пайызын сырттан келушілер жасаған. Тек полицияның көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау проблемаларын «күштік» шараларымен шешу мүмкін емес, өйткені оның деңгейіне әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, мәдени, демографиялық және басқа факторлар әсер етеді. Олардың саны 250-ден асады. Бұл шаралар Қазақстанның тұрақты дамуы үшін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Кездесу қызу әңгімемен аяқталды, кездесу барысында мектеп оқушылары мен ұжымымен құқықтық тәртіпті қорғау және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар айтылды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Бұған дейін елде жеті күнде 2800-ден астам қылмыс жасалғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы