ІІМ: Құрастырмалы көліктерді заңдастырамыз
Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрастырмалы көліктерді заңдастырамыз. Тек қана рулі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты өздеріңіз білетіндей, 2014 жылы жол ережесіне өзгерістер енгізілді. Ол жерде Қазақстанда ондай (рулі оң жақта орналасқан – ред.) автокөліктерді жүргізуге тыйым салынды. 2015 жылы Еуроодақ кеңістігі де бұл тыйымды қолданды. Президенттің тапсырмасы болған соң оны заңдастырып береміз, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметтің кулуарында.
Сонымен қатар министр ондай көліктерді сатуға болмайды деп отыр.
Бірақ оны ертең басқа біреуге сатуға тыйым саламыз. Құрастырмалы көліктің саны 1500 деген дерек түсті. Егер ол жол қауіпсіздігіне сәйкес келсе, оны заңдастырамыз, - деді Марат Ахметжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мусин отставка туралы сұраққа жауап берді
Келесі жаңалық
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы