ІІМ: Қару-жарақ пен ақша ұрлаған 300 адам шекарадан өтпек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде көлікпен және жаяу елден шықпақ болған үш жүзге жуық адам ұсталды.Олардан атыс қаруы, ұрланған мүлік, соның ішінде ұялы телефондар мен ұлттық және шетелдік валютадағы ірі көлемдегі ақша тәркіленді, - деді ол.
Тұрғымбаев қазіргі уақытта елде тәртіпті қалпына келтіру бойынша терроризмге қарсы операция жалғасып жатқанын айтты.
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдары бұған дейін басып алынған әкімдіктердің барлық ғимараттарын босатты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтірілуде, - деді Тұрғымбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
9 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы