ІІМ қару ең көп тапсырған аймақтарды атады
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов ведомство бастаған акция аясында қару-жарақ көп тапсырған аймақтарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ жыл сайын халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша акция өткізеді.
Биыл мұндай акция елімізде 10 сәуірде басталған болатын.
Алдын ала мәліметтер бойынша Алматы қаласы, Абай, СҚО және Қостанай облыстарында бөлінген қаражат игергендіктен, акция тоқтатылды. Қарудың ең көп тапсырылған саны Түркістан (95), Қызылорда (94), Жамбыл (85), Абай (65), Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында (60), - деді ол.
Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізілетінін еске сала кетейік.
Бұған дейін елімізде атыс қаруымен жасалатын қылмыстар азайғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде атыс қаруымен жасалатын қылмыстар азайған
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы