ІІМ: Қарбыз тиелген жүк көлігінде 60 келіден астам героин болған
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жуырда ғана құрамында көкнәр сабаны мен апиынның едәуір қоспалары бар азық-түлік көкнәрінің шетелден келіп түсу каналының жолын кесу бойынша кеңауқымды операция аяқталды. Еліміздің сегіз қаласында, атап айтқанда, Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында жүзеге асырылды, - деді ол.
Сөзінше, полицейлер қылмыстық топтың 15 ұйымдастырушысы мен мүшелерін ұстады.
104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам «тропикамид» және «мидекс» дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 қымбат жеңіл автокөліктер мен «DAF» ауыр жүк көлігі тәркіленді. Тамыз айында Павлодар облысында қарбыздар тиелген жүк көлігінде «Қордай» бекетіндегі Мемлекеттік шекара арқылы өткен 60 келіден астам героин тәркіленді, - деп айтты Бақытжан Әмірханов брифингте.