ІІМ порнографиялық сайттардың алаяқтық схемалары туралы айтты
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Интернет желісінде порнографиялық сайттарға кіргені үшін компьютерді немесе гаджетті бұғаттау туралы құқық қорғау органдарының атынан хабарлама алған азаматтарға қатысты ақпарат таратылады. Бұл ретте азаматтарға айыппұлды қоса берілген абоненттік нөмірдің теңгерімін мобильді қосымшалар не банк терминалдары арқылы толықтыру арқылы төлеу ұсынылады. Бұл – алаяқтық схемалардың бірі. Әдетте, мұндай хабарламалар белгілі бір интернет-ресурстарға қосылады, олар жүгінген кезде ол іске қосылады, - деп атап өтті ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, құқық қорғау органдарының мұндай хабарламаларға қатысы жоқ.
Олардың барлық әрекеттері қолданыстағы заңнамамен қатаң реттеледі. Сондай-ақ айыппұлдарды ұялы телефон теңгеріміне немесе азаматтардың банктік шотына аудару арқылы төлеуді көздемейтін жаза қолдану рәсімі заңнамалық түрде реттелген. Егер сіз алаяқтардың айла-амалдарына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша полицияға хабарласуды, қылмыс жасағаны туралы қолда бар дәлелдемелерді: телефон, скриншоттар, чектер ұсынуды сұраймыз, - деді ІІМ өкілі.