ІІМ: Полиция бір аптада «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру қылмысын ашты
Өткен аптада республика аумағында 2700-ден астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2738 қылмыс жасалды, оның 1651-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 29 тонау және 402 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шомылу маусымы басталғалы Ақмолада 8 адам суға кетті
Өзгелердің жаңалығы