ІІМ-нің бастамасымен балаларға арналған қайырымдылық концерт өткізілуде

Астана, BAQ.KZ. ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасының шеңберінде республиканың әр өңірінде қазақстандық эстрада әншісі, «Азия дауысы» фестивальдерінің және «Дарын» конкурсының лауреаты Бейбіт Корганның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концерті өткізілуде.

ІІМ-нің бұл жобасы қоғамда балаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қағидасын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысын төмендетуге бағытталған. Құқық сақшылары балалардың құқығын, олардың заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.   

Алғашқы қайырымдылық концертін Қостанай облысының Полиция департаменті, сонан кейін Ақмола, Павлодар облыстарының полиция департаменттері ұйымдастырды.

Іс-шараға аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, полиция есебінде тұрған жасөспірімдер және олардың ата-аналары шақырылды.

Жас көрермендер қуанышты көңілмен қолдау көрсетіп, Бейбіт Қорғанмен бірге «Сен», «Шоқ қыздар» деген танымал әндерді бірге шырқады. Концерт шеңберінде полиция департаменттерінің шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетті. Іс-шараға қатысушылардың барлығы да ұмытылмас көңілді әсерге бөленді.

Концерт қорытындысында облыстың полиция департаменттерінің басшылығы қазақстан эстрада әншісіне алғысын білдіріп, балалар мен олардың ата-аналарына бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тіледі.

Сонымен қатар қайырымдылық концерті қалған облыс орталықтарында да жалғасын табады, оған кез келген кәмелетке толмаған және оның ата-анасы көрермен ретінде қатыса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы