ІІМ: Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды

Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz.

Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы