26 Қазан 2019, 15:40
ІІМ митинг туралы: Полиция бөлімшелеріне 26 адам жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі 26 қазан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекетінің болғанын мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі 26 қазан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз, рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекетінің болғанын мәлімдеді.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас прокуратураның митинг өткізудің заңсыз әрекет екенін айтып, бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан кейбір азамат заң талаптарына мойынсұнудан бас тартты.
"Қазір полиция бөлімшелеріне 26 адам жеткізілді. Тергеу барысында істің мән-жайы анықталып, ұсталған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылатын болады", - делінген ІІМ хабарламасында.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ІІМ арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатыспауға ескертеді.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026