ІІМ министрі: Әуежайдағы жағдайға қатысты полицейлерге тексеріс жүріп жатыр
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған резонансты оқиғаға қатысты ойын ОКҚ төрағасы Асқар Омаровқа берген сұхбатында айтты. Ол полицейлердің сол кездегі әркетіне де тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы әуежайындағы жағдай бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Яғни басып алу, бұзақылық және жарылғыш зат туралы жалған ақпарат тарату баптары бойынша жүріп жатыр. Қаскөй көп адам жиналған жерде жарылыс жасайтынын айтты, сондықтан ондай кезде әрекет етудің өзіндік алгоритмі бар. Қазір қылмыстық процесс жүріп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, дейді Сәденов.
Сонымен қатар Ержан Сәденов полицейлер қалай әрекет еткені туралы да ойын айтты.
Менің бұйрығым бойынша тексеріс жүріп жатыр. Біз бәрін толық көрмегендік қой, сондықтан әлі қарап-зерттейміз. Жарылыс, қару қолдану қаупі болғанын ескерсек, полицейлер дұрыс әрекет етті. Егер олардың біреуі күдіктіні тап берсе, жағдай қалай өрбіп кетер еді, оны білмейміз ғой. Қазір тексеріс жүріп жатыр, - деді ІІМ министрі.
Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында пышақпен қаруланған ер адам қызды кепілдікке алып, "жарылғыш затым бар" деп қорқытқан еді. Сол сәтте күдіктіні тоқтаып, экстремалды жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Бұдан бөлек Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.