ІІМ: Мас күйінде көлік басқарған 23 мыңнан астам жүргізуші ұсталды
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын атап өтті.
Осылайша ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін заң бұзушылықтар ерте кезеңде тоқтатылды. 9 мыңнан астам бала мен жасөспірім тәлімгерлік, спорт және профилактика бағдарламаларымен қамтылды. Бұл шаралар кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту қаупін төмендетудің негізгі құралы ретінде қарастырылады. 23 мыңнан астам жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталып, жолдағы жүздеген трагедиялардың алдын алу мүмкін болды, - деп атап өтті министр.
Ішкі істер министрі қылмыс деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын дамыту және тереңдету, қызметке цифрлық және интеллектуалды шешімдерді белсенді енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Министр 2026 жылы ведомстволық білім сапасын арттыруға, азаматтық ЖОО-лармен бірлескен бағдарламаларды дамытуға, ведомстволық оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға және заманауи оқу практикаларын енгізуге күш салу қажеттігін айтты.
Басым міндеттердің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жақында қабылданған заңды іске асыруға дайын болу. Балалар мен жасөспірімдер мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Оларды елдің болашағы ретінде қарастыру қажет: нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ мектептерге бекітілген қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру міндеттелді. Мал ұрлығына қарсы, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі қылмыстарымен және киберқатерлермен күресті күшейту, сондай-ақ қылмыстарды ерте кезеңде анықтау және тоқтату жүйесін жетілдіру жүктелді.
Министр қызметкерлердің тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ішкі профилактикалық жұмыстарды күшейту, ұжымдарда қоғамдық бақылау мен айыптау механизмдерін белсенді пайдалану, сондай-ақ антты бұзған немесе қызмет беделін түсірген қызметкерлерді уақытында қызметтен босату тапсырылды. Қорытындылай келе, ІІМ заңның сақталуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдық қауіпсіздікті тұрақты түрде арттыруға белсенді және алдын ала әрекет етуге бағдарланды.