ІІМ лифтіде мысықты тепкілеген бұзақы туралы айтты

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өткен аптаның соңында елордалық тұрғын үй кешенінің лифтісінде бір оқиға болды. Жас жігіт мас күйінде мысықты тепкілеп, лифті ішінде қажеттілігін өтеген. Полицейлер құқық бұзушыны анықтады: ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, кінәліге қатысты екі әкімшілік іс қозғалған. 

Кінәліге қатысты әкімшілік кодекстің 434 («Ұсақ бұзақылық») және 407-1 («Жануарларға қатыгездік») баптары бойынша бірден екі әкімшілік іс қозғалды. Кінәлі уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай ақ мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерге мониторинг барысында елордадағы Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде тұрған жігіт мысықты аяусыз тепкілейтін бейнежазба анықталғаны туралы жазған болатынбыз. Осы іске қатысты материал шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы